Батыс Қазақстан аймағынан шыққан қоғам қайраткерлері, батырлар, дана тұлғалар жайлы білімдерін толықтыру. Қазақстан тарихына қызығушылықтарын арттырып, білімдерін кеңейту.
10 желтоқсанда «Тарих толқынында» апталығының аясында тарих пәнінің мұғалімі Ш.С. Сисенова жетекшілігімен 7 сыныптар арасында «Өз өлкемнің тарихы туралы не білемін?» зияткерлік сайыс оздырылды.
Зияткерлік сайыс – оқушылардың тарихи білімін тереңдетуге, өлкеміздін тарихы мен сырымен танысуға және өз өлкемізден шыққан тұлғалармен таныстыруға бағытталған іс-шара. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады: тарихи оқиғалармен сұрақ-жауап, тұлғаларды анықтау, Орал қаласының тарихи архитектураларымен таныстырып, ақпарат беру. Бұл шара оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраға құрмет сезімін қалыптастырады. Жеңімпаздар марапатталды.