Мақсаты: Оқушыларға тарихи маңызы бар қалалардың рөлін түсіндіру; Әр қаланың тарихын, мәдениетін, архитектурасын зерттеу арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру; Топтық жұмыс арқылы коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту.
12 желтоқсанда «Тарих толқынында» тақырыбында өткізілген «Тарих, құқық апталығының аясында тарих пәнінің мұғалімі А.Е.Сатиеваның жетекшілігімен9 сыныптар арасында "Тарихи қалалар" жобасы оздырылды. Жоба барысында әр сыныпқа белгілі бір тарихи маңызы бар қала бекітіледі: Тараз, Отырар, Түркістан, Самарқанд, Рим. Оқушылар сол қаланың тарихы, мәдениеті, архитектуралық ерекшеліктері мен рөлі туралы материалдарды зерттеп, оларды шығармашылық тұрғыда ұсынды.
Жобаның нәтижесінде оқушылар тарихи оқиғаларды түсініп, олардың маңызын терең сезінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, мәдени әртүрлілікті бағалап, оны құрметтеуді үйренеді.