Мектеп-лицейінің әдістемелік тақырыбы:
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мұғалімнің кәcіби құзыреттілігін дамыта отырып, жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын арттыру.
Мазмұны мен негізгі бағыттары:
І. Ұйымдастыру – педагогикалық
ІІ. Нұсқаулық – әдістемелік
ІІІ. Ізденушілік – зерттеушілік
Мақсаты:
- Мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шғармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп,жинақтап,таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Міндеттері:
- Мектеп-лицей статусына сәйкес оқу-тәрбие үрдісінің біртұтас жүйесін қалыптастыру;
- Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызу;
- Мұғалімге педагогикалық білімін өз бетімен көтеру жолдарын үйрету
- Оқу сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар мен күндер ұйымдастырып, олардың мектептегі педагог қызметкерлердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру
- Білім сапасын арттыруда мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық шығармашылық орта қалыптастыру;
- Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жинақтауды алмасуды ұйымдастыру;