14 қаңтар күні «Кемел елдің кемеңгер ұрпағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында 5-6 сынып оқушылары арасында «Дарындылар додасы» интеллектуалды ойыны өтті.
Мақсаты: оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа баулу.
5-6 сынып оқушыларының арасында өткен интеллектуалды ойын 6 кезеңнен тұрды. Әр кезең бойынша оқушылар өз білімдері мен шапшаңдықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Қорытындысы бойынша І орынға «Алаш қырандары», II орын «Қыран» тобы, ІІІ дәрежелі орынмен «Болашақ» және «Зеректердің зерегі» топтары ие болды.
Шара соңында оқушылар дипломдармен, түрлі сыйлықтармен марапатталды.