28-қаңтар күні 8-сыныптар арасында оқушылардың математикалық білімдерін ойын түрінде тексеру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу мақсатында «5+» математикалық квесті өткізілді.
Сайыс кезеңі 5 бөлімді қамтыды. Әр тапсырма үшін арнайы картамен оған сәйкес тапсырмалар, шешімдерді тексеруге арналған кілттер, квесттің финалдық картасы, тапсырмалар орналастырылатын станциядағы кабинеттер алдын ала дайындалды. «Сандық пирамида құпиясы», «Геометрия есебі», «Логика», «Цезарь шифры», «Арифметикалық басқатырғыш» аялдамаларынан құралған сайыста үш сынып оқушылары да белсенділікпен қатысты. Нәтижесінде 8а, б сыныптары ұпай санымен тең түсіп ІІ орынды иеленсе, 8 ә сыныбы І орынды жеңіп алды.