8(7112) 22-85-97

«Миллион кімге бұйырады?»

29-қаңтар күні 10-сынып оқушыларының білім деңгейін анықтау, топта жұмыс жасау, шешім қабылдау дағдыларын арттыру мақсатында «Миллион кімге бұйырады?» турнирі өткізілді.

Сайыс барысында оқушылар математикалық сұрақтарға жауап бере отырып, өз топтарына ұпай жинады. Сонымен қатар өз тобынан көмек, 50/50 таңдауы берілді. Сайыс нәтижесі бойынша 10 б сыныбы ІІІ орын, 10 ә сыныбы ІІ орын, 10 а сыныбы І орын жүлдеге ие болды.