8(7112) 22-85-97

«Тәлімгерлік-табысқа жету жолы» семинары

 3 ақпан күні мектеп тәлімгерлеріне арналған семинар болды

Семинардың мақсаты: Жаңа тәлімгерлерді жұмыс барысымен таныстыру , жас мамандармен тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу тәжірибелі педагогтардың кәсіби мәртебесін арттыру
Семинарды тәлімгер-ұстаз Анар Қуанышқызы Мусагалиева ұйымдастырды. Семинар басында мектеп директорының орынбасары Жанат Жолдасбаева ҚР білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар» бүйрығын таныстырып өтті. Тәлімгерлік туралы толық ақпарат беріп, ары қарай тәлімгермен тәлімалушыға арналған жағдайаттық сұрақтар, ой ашуға арналған видео көрсетіліп, жағдайаттық сұрақтар қойылып, ортақ жұмыстар жүргізілді. Семинар «Жас ұстаздар ұраны» әнімен әрленіп, семинар соңында 5-5-1 әдісі арқылы кері байланыс берілді.