8(7112) 22-85-97

«Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық сайысы

3,4 сәуір күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен «Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия» атты республикалық сайысы оздырылды.

Ауқымды шараға 100 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 100 математика пәні мұғалімі қатысты. Олар оқу сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілеті бойынша өзара 20 команда сынға түсті. Алдымен, қатысушылар жұпқа бөлініп, 50 сұрақтан тұратын тестілеуден өтті. Екінші кезеңде қатысушылар топқа бөлініп, өзге өңірдің өкілдерімен логикалық және сыни бағыттағы 120 сұрақтың шешімін тапқан болатын. Байқау нәтижесі бойынша Батыс Қазақстан облысының командасы Бас жүлдеге ие болды. Облыс намысын қорғаған ұстаздардың ішінде мектеп-лицейімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Беккужиева Светлана Адилхановна мен математика пәні мұғалімі Капашева Гулжамал Нуржановна болды.
Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!