8(7112) 22-85-97

«Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің мектепішілік байқауы

30 сәуір күні «Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің мектепішілік байқауы оздырылды. Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында мектебіміздің 9 жас маманы қатысты. І орын биология пәнінің мұғалімі Сенбаева Х.С., ІІ орын ағылшын тілінің мұғалімі Досполаева Ж.Ж., ІІІ орын ағылшын пәнінің мұғалімі Насиболла Ш.Е. және информатика пәнінің мұғалімі Әділхан Ә. А, «Құндылыққа құрылған білім» номинациясын қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Тұрғаналиева А.Қ. «Білім шырақшысы» номинациясын математика пәнінің мұғалімі Мирманов А.А.,«Креативті сабақ» номинациясын математика пәнінің мұғалімі Бармағамбетов М., «Үздік дебют жас мұғалім» номинациясын тәлімгер Утепова А.М. иеленді. Жас ұстаздарымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз.