“ProEco” республикалық экологиялық жобалар конкурсы
28-30 сәуір аралығында 5-8 сынып оқушыларына арналған “ProEco” республикалық экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңі Астана қаласында өтті.
Экологиялық жобалар конкурсы 4 бағыт бойынша өткізілді. Соның ішінде мектеп-лицейіміздің облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған, 8б сынып оқушысы Орынбасар Азамат “Туған өлке табиғаты” бағыты бойынша республикалық кезеңге қатысты. Азамат туған өлкесі Орал қаласының табиғи аймақтары мен экожүйелерінің бірегейлігін көрсететін виртуалды экскурсия жасап, республикалық кезеңде 3-орынды иеленді. Жетекшісі: Бақтиярова Индира. Оқушымызды және пән мұғалімін құттықтаймыз!

