8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерімен кездесу

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері мектеп басшысының қабылдауында болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері 5-8 сынып оқушылары арналған олимпиада қорытындысы бойынша 5 сынып оқушысы Кенжебаева Айнара, 8 сынып оқушысы Меңдібай Нұрислам, 7 сынып оқушысы Берикова Алия мектеп басшысының қабылдауында болды,мектеп басшысы оқушыларды жетістіктерімен құттықтады. Мектеп басшысы олимпиада жүлдегерлерін дайындаған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Беккужиева Светлана Адильхановнаға, тарих пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Орынгул Аманжолқызына, химия пәнінің мұғалімі Сабитова Айгул Алмасовнаға шығармашылық табыс тіледі. Жүлдегер оқушыларға қамқоршылық кеңестің қолдауымен ынталандыру сыйлығы табысталды.