8(7112) 22-85-97

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының мектепішілік кезеңі өтті.

Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық – шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында өтеді. Жалпы 11 секция бойынша қатысқан оқушыларымыздың ішінен І орынды «Туризм және спорт» секциясы бойынша 7 сынып оқушылары Жанисенова Назерке, Жарыс Ерасыл (жетекшісі Уристемова А.Р) ІІ орынды «Ағылшын тілі» секциясы бойынша 6 сынып оқушысы Жарасова Амина (жетекшісі Мусагалиева А.К.), «Информатика, робот, STEM инженерия» секциясы бойынша 7 сынып оқушысы Уразғали Әділет (жетекшісі Есетов Ә.Б.), физика, космос секциясы бойынша 7 сынып оқушылары Тарғын Есенаман және Сағдат Азиз (жетекшісі Ажгалиев Н.Ш.), ІІІ орынды «Қазақ тілі және әдебиеті» секциясы бойынша Кенжебаева Айнара, Имангали Айзере (жетекшісі Бекк ужиева С.А) «Технология және өнер» секциясы бойынша 7 сынып оқушылары Ғалиасқар Айша, Смағұл Айгерім (жетекшісі Баймурзина С.А.), «Тарих, өлкетану» секциясы бойынша Самат Айзере (жетекшісі Сисенова Ш.С.), «Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша 6 сынып оқушылары Бауржанов Эмиль, Жарқынұлы Аянбек (жетекшісі Калешова Э.С.) иеленді
Алғыс хатпен «Химия, биология» секциясы бойынша 6 сынып оқушысы Берікбол Дарын (жетекшісі Наурызбаева К.Е.), «Этномәдениеттану» секциясы бойынша 6 сынып оқушылары Тналиев Рауан, Әміртай Айкөркем (жетекшісі Тұрғаналиева А.К.) марапатталды. Оқушыларды және жетекшілерін жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз және қалалық кезеңге сәттілік тілейміз!