Қалалық «Ұлт рухының шамшырағы – Ахмет» байқауы өтті.
5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілуіне байланысты, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында 7-10 сыныптың шығармашыл оқушылары арасында қалалық «Ұлт рухының шамшырағы – Ахмет» атты байқау оздырылды.
Байқаудың мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттай отырып,оқушылардың әдебиетке, тарихқа, мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Байқау 5 бөлім бойынша өткізілді. «Эссе жазу» бөлімі бойынша
10 «а» сынып оқушысы Серикова Ажар ІІІ орын (жетекшісі: Беккужиева С.А.), «Мысалдар әлемі» бөлімі бойынша 8 «а» сынып оқушысы Айтқали Нұрасыл ІІ орын (жетекшісі: Тұрғаналиева А.К.) иеленді. Оқушыларымыз бен мұғалімдерді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз.

