8(7112) 22-85-97

«Ана тілі және Алаш ардақтылары» атты қалалық ғылыми жоба байқауы

«Ана тілі және Алаш ардақтылары» атты қалалық ғылыми жоба байқауы өтті.

Жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары (тарих, ағылшын және қазақ тілі мен әдебиеті) арасында «Ана тілі және Алаш ардақтылары» атты қалалық ғылыми жоба байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің тарихи-мәдени, қоғамдық және рухани маңызын ғылыми тұрғыда ұғындыру, оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, сондай-ақ талантты және дарынды жас зерттеушілерді анықтау. Байқаудың нәтижесі бойынша 10 «б» сынып оқушысы Әндір Ақерке І орын (жетекшісі: Беккужиева С.А.) иеленді. Оқушы мен мұғалімді жеткен жетістігімен құттықтаймыз.