8(7112) 22-85-97

Қалалық «Махамбет оқулары» байқауы

Қалалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

8-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Махамбет оқулары» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - - мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету.
Байқау 5 бөлім бойынша өтті. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» аталымында зерттеу жұмысы бағыты бойынша 10 «а» сынып оқушысы Серикова Ажар І орын (жетекшісі: Беккужиева С.А.) иеленді. Оқушы мен мұғалімді жеткен жетістігімен құттықтаймыз.