«Үздік тандем: жастық шақ энергиясы және тәжірибе алаңы даналығы» байқауының қалалық кезеңі өтті.
Жас мамандар мен білікті ұстаздар бірігіп педагогикалық шеберліктерін сынау, әдістемелік тиімді істерді, шығармашылық ізденістер айқындау мақсатында «Үздік тандем: жастық шақ энергиясы және тәжірибе даналығы» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен маманға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету; жас маманның білім беру қызметіне әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне тәлімгерлік жұмысын қорытындысын анықтау. Байқаудың 3 кезеңнен тұрды.
1.«Тәлімгермен one day» кезеңі. Жас маманның тәлімгер ұстазбен атқарған жұмыстары, әдістемелік көмек көрсету барысы видеоролик арқылы көрсету.
2.Таныстыру. Тәлімгер мен жас маман бірін-бірі сахнада таныстыру.
3.«Тәрбиені трендке, білімді брендке» бөлімі. Тәлімгер ұстазбен жас маманға педагогикалық жағдаяттарға байланысты 1 сұрақ қойылды.
Мектебімізден қатынасқан Мусагалиева Анар Куанышевна және Досполаева Жұлдыз Жумабайқызы байқаудан Бас жүлдені жеңіп алды. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!

