8(7112) 22-85-97

Республикалық «Ақберен» оқуларының қалалық кезеңі

Республикалық «Ақберен» оқулары байқауының қалалық кезеңі өтті.

8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасында республикалық «Ақберен» оқуларының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өле жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсету.
Байқау 6 бөлім бойынша өтті. "Ақберен" өнер байқауының қалалық кезеңінде
10 "А" сынып оқушысы Серік Жанерке "Эссе жазу" бағыты бойынша 3-орын (Жетекшісі: С.А. Беккужиева) , 10 "А" сынып оқушысы Лепесова Камила (Жетекшісі: С.А. Беккужиева) "Шешендік білгірлер" бағыты бойынша 2-орын, "Көркемсөз оқу" бағыты бойынша 3-орын 10 "Ә" сынып оқушысы Тлеген Гүлнәзік (Жетекшісі: Г.Е.Куанышкалиева), "Ұлттық аспап" бөлімі бойынша 2-орын 8 "В" сынып оқушысы Мұхамбетова Аяулым (Жетекшісі: А.К. Тұрғаналиева) иеленді. Оқушылар мен мұғалімдерді жеткен жетістігімен құттықтаймыз.