8(7112) 22-85-97

«Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық конкурсы

№51 ЖООБМ базасында пән мұғалімдері арасында 4 бағыт бойынша конкурс өткізілді.

Фестивальдің мақсаты – педагогтердің шығармашылық өзін- өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату. Мектебімізден 8 педагог қатысып, оның 5-уі жүлделі орынға ие болды.
- І орын «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша Сисенова Шамшия Сапаргалиевна;
- ІІ орын «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша Утепова Молдыр Сапиоллиевна;
- ІІІ орын «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша Бергалиева Гульмайра Калимуллиновна;
- ІІІ орын «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша Сулейменова Гаухар Ғарифоллақызы;
- ІІІ орын «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша Темирова Асия Есенамановна.
Пән мұғалімдерін жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!