8(7112) 22-85-97

Ағылшын тілі пәні апталығы

24 қарашада «Shine bright» атты Ағылшын тілі пәні апталығының ашылуы болды.

Жоспарға сай 24 қарашада «Shine bright» атты Ағылшын тілі пәні апталығының ашылуы болды. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін тексеру. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, өздігінен іздене білуге үйрету.
Апталықтың ашылуында мектеп оқушылары ағылшын тілі және ел туралы сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар алды және 5 сынып оқушылары екі тілде ән шырқап өз жүйріктіктерін көрсетті. Мектеп оқушылары аса қызығушылықпен қатысып, алдағы аптаға жоспарланған іс шаралармен таныстырылды.