25 қараша күні 6-сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен «Who Wants to Be a Millionaire?» атты зияткерлік сайыс өткізілді.
Кеше, 25 қараша күні, ағылшын тілі пәні мұғалімі- Жұлдыз Жумабайқызының ұйымдастыруымен мектебімізде 6-сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «Who Wants to Be a Millionaire?» атты зияткерлік сайысы оздырылды. Сайыстың негізгі мақсаты — оқушылардың грамматикалық білімін, сөздік қорын, тақырыптық білімдерін саралап, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталды.
Жарыс өте тартысты өтті. Барлық сыныптар белсенділік танытып, жоғары нәтижелер көрсетті. Қорытынды бойынша:
• I орын — 6 «А» сыныбы
• II орын — 6 «Б» сыныбы
• III орын — 6 «В» сыныбы
Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығы мен білімге деген құлшынысы болашақта да биік шыңдарға жетелейді деп сенеміз.

