26 қараша күні 5-сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен «Who is the best genius team?» атты зияткерлік сайыс өткізілді.
Aғылшын тілі пәні апталығы аясында, ағылшын тілі пәні мұғалімі Назерке Ғаниқызының ұйымдастыруымен 26 қараша күні 5-сынып оқушылары үшін «Who is the best genius team?» атты қызықты әрі танымдық жарыс өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың ағылшын тіліндегі білім деңгейін анықтау, сөздік қорын кеңейту және топтық жұмыс дағдыларын дамыту. Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды шығармашылықпен орындады. Барлық сыныптар жоғары дайындық көрсетіп, шынайы тартыс болды. Қорытынды нәтижелер: I орын - 5 «B» сыныбы, II орын - 5 «А» сыныбы, III орын - 5 «Ә» және 5 «Б» сыныптары.

