8(7112) 22-85-97

Ағылшын тілі пәні апталығы

26 қараша күні 10-сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен «English without borders: Meet and talk» атты кездесу кеші өткізілді.

26 қараша күні, ағылшын тілі пәні мұғалімі- Анар Қуанышқызының ұйымдастыруымен мектебімізде 10 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «English without borders: Meet and talk» атты кездесу кеші оздырылды. Кездесуге қаламыздағы “American corner” бұрышының жетекшісі Дина және қатысты. Кездесу барысында “American corner” бұрышының мақсаты жасалған жұмыстары, атқарылатын әрекеттерін атап өтті. Сондай-ақ бұрыштың волонтері Американдық Эмма өзінің жұмыстары жайлы айтып, мектеп оқушыларымен ортақ тіл табысып, қызықты сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды. Оқушылар белсене қатысып, сыйлықтарға ие болды. Кеш соңында 10 сынып оқушылары Қазақстанның ұлттық киімі, тамағы, аспаптары жайлы әңгімелеп, күбірлете күй орындады. Шара пайдалы әрі қызықты өтті.