2025 жылдың 08 желтоқсан күні апталықтың ашылуы өтті.
08 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарға негізделген апталықтың ашылуы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың бойында сүйіспеншілікті, қызығушылықты арттыру мақсатында Отанға деген құрметтерін білдіру, Тәуелсіздіктің рухын жаңғырту.
Салтанатты кеш домбырашылардың әсем күйімен басталып, пән мұғалімдерінің тағылымға толы сөздерімен жалғасын тапты. 5-сынып оқушылары жүргізуші болып, мәнерлеп көркемсөз оқыды.
Іс-шара барысында Жаскелен Саидтың орындауында «Атамекен» әні шырқалып, 5 және 10-сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Туын көтеріп, Тәуелсіздік рухын асқақтатты.

