2025 жылдың 08 желтоқсан күні «Қызық екен...Елім мен тілімнің тарихында» тақырыбында зияткерлік ойын өтті.
08 желтоқсан күні «Қызық екен...Елім мен тілімнің тарихында» тақырыбында 9-сыныптар арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Аталған шара мақсаты оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық ояту.
Зияткерлік ойын бірнеше қызықты кезеңдерден тұрды.
І кезең – «Қанатты сөздер» бөлімінде оқушылар қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының нақыл сөздерін таныды.
ІІ кезең – «Тіл тарихында» бөлімінде қатысушылар тест түріндегі тапсырмаларға жауап берді.
ІІІ кезең – «Тарихи сөздер сыр шертеді» кезеңінде көне және тарихи сөздердің мағыналарын түсіндірді.
IV кезең – «Кино әлемінде» бөлімінде қазақ кинотуындыларынан үзінділер көрсетіліп, оқушылар фильм атауларын анықтады.
V кезең – «Жылдар тізбегі» бөлімінде оқушылар берілген тарихи жылдарға байланысты маңызды оқиғаларды баяндады.
Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, жеңімпаздар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен ынталандырылды.

