8(7112) 22-85-97

Қалалық «Апельсин – 2025» физика-техникалық турнирі

«Апельсин – 2025» физика-техникалық турнирінің қалалық кезеңі өтті.

Турнир физика және техника саласында оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, кәсіби бағдарлау, оқушылардың ғылыми-техникалық қызметке қызығушылығын дамыту, физикалық білімдерін насихаттау, дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өтті.

Нәтижесінде: 9 сынып оқушылары Амангелді Марлен ІІ орын, Серікқызы Амина ІІІ орын иеленді. Жетекшісі А.С.Умирова. 10 сынып оқушылары Байыр Дамира І орын, Алтынбекқызы Алинура І орын иеленді. Жетекшісі Г.Ш.Кажмуханова.

Оқушыларымызды және пән мұғалімдерін жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!