8(7112) 22-85-97

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлерімен кездесу

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегерлері мен жетекшілері мектеп басшысының қабылдауында болды.

«Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері 7 сынып оқушысы Уразғали Әділет, 6 сынып оқушылары Тналиев Рауан, Кенжебаева Айнара, Иманғали Айзере, Самат Айзере және жетекшілері мектеп басшысының қабылдауында болды. Мектеп басшысы жоба олимпиада дайындаған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Беккужиева Светлана Адильхановнаға, тарих пәнінің мұғалімі Сисенова Шамшия Сапаргалиевнаға , информатика пәнінің мұғалімі Есетов Әсет Бейімбетұлына, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұрғаналиева Анель Куановнаға шығармашылық табыс тіледі. Жүлдегер оқушыларға қамқоршылық кеңестің қолдауымен ынталандыру сыйлығы табысталды.