8(7112) 22-85-97

«Зияткерлер алаңы» атты білім сайысы

2025 жылдың 9 желтоқсан күні «Зияткерлер алаңы» тақырыбында білім сайысы өтті.

09 желтоқсан күні «Зияткерлер алаңы» тақырыбында ұйымдастырылған білім сайысына 7-8 сынып оқушыларымен ата-аналар қатысты. Аталған шара - оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық ояту.

Зияткерлік ойын бірнеше қызықты кезеңдерден тұрды.

І кезең – «Беташар» бөлімінде оқушылармен ата-аналарға тест сұрақтары берілді.

ІІ кезең – «Суреттер» бөлімінде қатысушылар суреттің екінші жақ бөлігіндегі кейіпкерлерді тапты.

ІІІ кезең – «Кино әлемі» қазақ кинотуындыларынан үзінділер көрсетіліп, қатысушылар фильм атауларын анықтады.

IV кезең – «Мақал-мәтелдер» бөлімінде берілген суреттер бойынша оқушылар мақал-мәтелдерді анықтады.

Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар мен ата-аналар марапатталып, жеңімпаздар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен ынталандырылды.