2025 жылдың 10 желтоқсан күні «Тәуелсіздік әдебиеті: жаңа дәуірге саяхат» тақырыбындағы білгірлер бәсекесі өтті.
10 желтоқсан күні «Тәуелсіздік әдебиеті: жаңа дәуірге саяхат» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында білгірлер бәсекесі өтті. Аталған шара - оқушылардың танымдық көкжиегін арттыру, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықтарын ояту.
Білгірлер бәсекесі бірнеше қызықты кезеңдерден тұрды. «Кіріспе», «Меломан», «Пәндер байланысы», «Нартәуекел» сияқты бөлімдерінде қатысушылар бақтарын сынап, жеңіске деген жігерліктерін көрсетті.
Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, дипломдармен, естелік сыйлықтармен ынталандырылды.

