«Іс-әрекетті зерттеу арқылы сабақтың сапасын көтеру» тақырыбында семинар өтті.
«Зерттеп үйрен» жобасы аясында «Іс-әрекетті зерттеу арқылы сабақтың сапасын көтеру» тақырыбында TEDx форматындағы тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: мұғалімдерге іс-әрекетті зерттеу (Action Research) ұғымын теориялық түсіндірумен шектелмей, практикалық жаттығу арқылы меңгерту, сабақтағы оқушы белсенділігін арттыру жолдарын көрсету және зерттеушілік көзқарас қалыптастыру. Семинар TEDx форматында ұйымдастырылып, мұғалімдердің белсенді қатысуына бағытталды. Семинар барысында қатысушыларға арнайы практикалық жаттығу ұсынылды. Мұғалімдер топтарға бөлініп, берілген тапсырмаларды орындады. Әр топтың жұмысын алдын ала белгіленген бақылаушы мұғалімдер қадағалап отырды. Бақылаушылар топ мүшелерінің тапсырманы орындау барысындағы белсенділігін бағалау чек-листі арқылы белгілеп, әр қатысушының әрекетін тіркеп отырды.
Жаттығу соңында бақылаушылар жиналған деректерді өңдеп, әр топтың орташа баллын шығарды. Осы жұмыс барысында мұғалімдер іс-әрекетті зерттеудің негізгі кезеңдерін – бақылау, дерек жинау, талдау және қорытынды жасау үдерісін практика жүзінде орындады.
Рефлексия кезеңінде мұғалімдер іс-әрекетті зерттеу ұғымын тереңірек түсінгендерін және өз пәндері бойынша зерттеуді бастауға ниет білдіргендерін атап өтті. Өткізілген семинар мұғалімдердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізді.

