6 желтоқсан күні "Тәжірибелі ұстаз-жас маманның шамшырағы" атты дөңгелек үстел өтті.
“Педlab” жобасы аясында тәжірибелі ұстаздар А. К. Мусагалиева мен Э. М. Сатканованың ұйымдастыруымен тәлімгерлермен жас мамандарға арналған "Тәжірибелі ұстаз-жас маманның шамшырағы" атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты: жаңа тәлімгерлерді жұмыс барысымен таныстыру, өзара тәжірибе алмасу. Дөңгелек үстелге барлық тәлімгерлермен жас мамандар қатысып, түрлі жағдаяттарға жауап берді. Шара барысында "Үздік тандем-2025" байқауының Бас жүлде иегерлері Анар Қуанышқызы мен Жұлдыз Жұмабайқызының жұмыстары таныстырылды. Шара соңы жағымды кері байланыспен және жас мамандардың алған әсерлерімен бөлісті.


