6-7 қаңтар күндері аралығында №51 мектеп базасында олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиада оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ғылымға қызығушылығын арттыру, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау мен қолдау, сондай-ақ пәндік білімді терең меңгерту арқылы шығармашылық ойлау мен бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру мақсатында өтті. Мектебімізден
8 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарға, 2 оқушы алғыс хатқа ие болды.
- II орын : Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10- сынып оқушысы Жумагалиева Альмира (жетекшісі Куанышкалиева Г.Е.);
- Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 10- сынып оқушысы Бауыржанқызы Алуа (жетекшісі Рахметкалиева Н.О.);
- Математика пәнінен 10- сынып оқушысы Ербулат Айбат (жетекшісі Капашева Г.Н.);
Алғыс хат:
- Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Самарқан Құндыз (жетекшісі Беккужиева С.А.);
- Қазақстан тарихы пәнінен 9-сынып оқушысы Кенжеғали Мейрім (жетекшісі Сатиева А.Е.).
Оқушыларымызды, дайындаған пән мұғалімдерімізді құттықтаймыз! Республикалық кезеңге қатысушыларға сәттілік тілейміз!

