9-11 сынып арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері мектеп басшысының қабылдауында болды.
9-11 сынып арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері Бауыржанқызы Алуа, Ербулат Айбат, Жумагалиева Альмира, Самарқан Құндыз, Кенжеғали Мейірім және жетекшілері мектеп басшысының қабылдауында болды. Мектеп басшысы оқушыларды олимпиадаға дайындаған орыс тілі пәнінің мұғалімі Рахметкалиева Нурзия Орынгалиевнаға, математика пәнінің мұғалімі Капашева Гулжамал Нуржановнаға, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Куанышкалиева Гулдария Ермековнаға, Беккужиева Светлана Адильхановнаға, тарих пәнінің мұғалімі Сатиева Айнур Ержановнаға шығармашылық табыс тіледі.
Жүлдегер оқушыларға қамқоршылық кеңестің қолдауымен ынталандыру сыйлығы табысталды.

