Батыс Қазақстан облыстық психо-наркология диспансерінің психиатр-нарколог маманы оқушыларға дәріс сабақ өткізді
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 20 қаңтар мектеп-лицейімізде Батыс Қазақстан облыстық психо-наркология диспансерінің психиатр-нарколог маманы Сатанов Нұрлан Фатихоллаұлы оқушыларға дәріс сабақ өткізіп, жоғарғы сынып оқушыларына есірткі мен темекінің зияны, нашақорлықтың түрлері туралы ақпараттарды жеткізді.
Дәріс барысында оқушыларға зиянды әдеттердің ағзаға, психикаға және болашаққа тигізетін кері әсерлері айтылып, алдын алу жолдары да түсіндірілді.

