Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 8 "Б", 8 "В" сынып ата-аналарына «Жасөспірімдерге өз ортасының әсері...» тақырыбында сынып жетекшілер И.М. Бахтиярова мен А.Ш. Нургожинаның ұйымдастыруымен сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты: жасөспірімнің жағымсыз орта ықпалына түсе бастағанын ерте кезеңде байқай білуге үйрету. Сабақ барысында топтық жұмыстар арқылы жасөспірімдер өмірінен алынған нақты мысалдар қарастырылып, жағымсыз ортаның белгілерін анықтау жүргізіліп, ата-аналар жасөспірім мінезіндегі қауіпті өзгерістерді (оқшаулану, ашуланшақтық, оқу үлгерімінің төмендеуі т.б.) топтастырып талқылады. Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, балаға қолдау көрсету жолдарын ұсынып, қиын жағдайдағы жасөспіріммен дұрыс қарым-қатынас орнату тәсілдері қарастырылды. Сабақ соңында ата-аналарға жасөспірімдермен сенімді қарым-қатынас орнатудың, олардың ортасын бақылаудың және дер кезінде көмек көрсетудің маңыздылығы түсіндірілді. Сабақ өз мақсатына жетіп, ата-аналар тарапынан оң пікірлер білдірілді.

