8(7112) 22-85-97

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие жұмысының жоспары негізінде 30 қаңтар күні «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: ата-ана мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» тақырыбында 8-10 сынып оқушыларының ата-аналарына жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:
І кезең
1. Білім сапасының І жарты жылдық қорытындысы. � Мектеп директоры Даумова А.М.
2. Тәртіп пен жауапкершілік – жасөспірім болашағының негізі. Орал қ. ПБ КПБ-нің аға жедел уәкілі Мүтәлі А.Б.
3. «Отбасының буллингке қарсы күрестегі рөлі» ДТІЖО Иманиязова Г.С.
ІІ кезең 1. Сыныптардағы ІІ оқу тоқсанының қорытындысы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалар тоқталып, ата-аналарға мәліметтер беріп, кеңестерін ұсынды. Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын білуімен қатар міндеттерін де терең түсіндіру, заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін ұйымдастырылған жиналыста ата-аналар қоғамда жасөспірімдер арасында кездесіп отырған құқық бұзушылықтар бойынша пікір алмасты, сұрақтарға жауап алды.