8(7112) 22-85-97

«Ұлы дала тарихы – ұлттық рух тірегі» атты тарих, құқық бірлестігі апталығының ашылуы.

Тарих пәнінің апталығының ашылу салтанаты барысында тақырыпқа сай тарих пәні мұғалімдері мектеп оқушыларына ерлік, батырлық, ұлттық құндылықтарды жеткізді.

26 қаңтар 2026 жылы «Ұлы дала тарихы – ұлттық рух тірегі» атты тарих, құқық бірлестігі апталығының ашылуы өткізілді. Қазақ тарихына деген құрметті қалыптастырып, жастардың ұлттық патриотизмін арттыру. Өткендегі тарихи тұлғалардың ерліктерін үлгі ете отырып, еліміздің болашағына деген сенімділік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар мен қатысушылар еліміздің өткені мен бүгінін байланыстыра отырып, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенім мен жауапкершілікті терең сезінді. Бұл апталық – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарих арқылы рухани кемелденуге бастайтын маңызды бастама. Тарихи кезеңдерді қамтитын ұлы тұлғалардың ерте дәуір Тақсай ханшайым, орта ғасырлардағы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, жаңа кезең Әлихан Бөкейханов бейнесіне еніп тарихи шолу жасады. Тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтары тарихи кезеңдерді сипаттап, тәуелсіз елдің жас ұрпақтары өлең жолдарын арнады.