8(7112) 22-85-97

"Ғылым - болашаққа бастар жол" ғылыми жобалар сайысы

8-10 сыныптар арасында жас зерттеушілердің тың идеялары мен ғылыми ізденістеріне арналған ғылыми жобалар сайысы өтті.

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен іздену дағдыларын қалыптастыру мақсатында өтті.
Сайыс барысында қатысушылар өздерінің ғылыми идеяларын ұсынып, тәжірибелік жұмыстарын қорғады. Бұл – болашақ ғалымдарға үлкен қадам, ал ғылымға деген сенімді жол. Сайыс барысында қатысушылар өзекті тақырыптар бойынша тарихи - өлкетану бағытында ғылыми жобаларын ұсынып, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорғады. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып марапатталды.