«Тарихи интервью» оқушылар тарихи тұлғалардың бейнесіне еніп, заманауи баспасөз конференциясы форматында олардың өмірі мен мемлекеттік шешімдері туралы қойылған өткір сұрақтарға жауап берді. Бұл интерактивті диалог өткен күн мен бүгінгі ұрпақ арасындағы байланысты жандандырып, тарихтың маңызды сәттерін тірі бейнелер арқылы қайта жаңғыртты.
30 қаңтар күні «Ұлы дала тарихы – ұлттық рух тірегі» тақырыбында тарих,құқық апталығы аясында 9-сынып оқушыларының қатысуымен ерекше форматтағы «Ғасырлар үні: тарихи интервью» (пресс-конференция ) өтті. Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және тарихи тұлғалардың мемлекеттілік жолындағы рөлін ғылыми-танымдық тұрғыдан ұғындыру. Тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, өскелең ұрпақтың бойында мемлекетшілдік, отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру. Шара барысында оқушылар Қазақстан тарихындағы маңызды кезеңдерді қамтитын ұлы тұлғалардың бейнесіне еніп, заманауи баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Кейіпкерлер (хандар, Алаш зиялылары және тарихи қайраткерлер) залдағы тілшілердің өткен кезеңдегі саяси шешімдер, ел болашағы және ұлттық мүдде төңірегіндегі өзекті сұрақтарына тарихи деректерге сүйене отырып жауап берді. Бұл интерактивті диалог құрғақ фактілерді емес, тұлғалардың ұстанымы мен рухын ашуға мүмкіндік берді.

