8(7112) 22-85-97

«Жасанды интеллект және нейроинженерия»

29 қаңтар күні «Жасанды интеллект және нейроинженерия» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Мақсаты: Мұғалімдердің жасанды интеллект пен нейроинженерия салаларындағы заманауи ғылыми-технологиялық бағыттар туралы түсінігін кеңейту, осы технологиялардың білім беру үдерісіндегі мүмкіндіктерін көрсету және оларды оқу-тәрбие жұмысында тиімді, қауіпсіз әрі саналы түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, оқушылардың ғылыми ойлауын, зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған инновациялық әдістермен таныстыру.