Мұғалімдерге арналған тарихи-танымдық quiz сайысы өтті.
Ұстаздардың білім деңгейін арттыру және кәсіби біліктілігін дамыту мен танымдық қызығушылықтарын күшейту мақсатында ұстаздармен QUIZ форматында танымдық сайыс өтті. Бұл мұғалімдердің білімін, логикалық ойлауын және жылдам шешім қабылдау қабілетін тексеруге бағытталған интеллектуалдық ойын. Сайыс сұрақ-жауап, медиа сұрақтар, тест, блиц-сұрақтар сиқты кезеңдерден тұрып, қызықты әрі белсенді түрде өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер топтар анықталып, дипломдармен марапатталды.

