Физика және информатика пәндер апталығының ашылуы өтті.
9-13 ақпан күндері “Жасанды интеллект – ғылымдағы жаңа серпіліс” тақырыбында физика және информатика пәндер апталығы өтеді. Апталықтың өту мақсаты: физика және информатика пәндерінен сабақтан тыс іс-шараларда ЖИ оқытуды қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру және ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Апталықта әртүрлі шаралар өтеді. Барша мектеп ұстаздары мен оқушыларды қатысуға шақырамыз.

