8(7112) 22-85-97

«Aqyl Battle » зияткерлік сайысы

Оқушыларға арналған «Aqyl Battle » зияткерлік сайысы өтті.

Оқушылардың білім деңгейін арттыру және интелектуалды дағды қызығушылықтарын күшейту мақсатында зияткерлік-танымдық бағытында “Aqyl Battle” сайысы өткізілді. Бұл сайыс оқушылардың білімін, логикалық ойлауын және жылдам шешім қабылдау қабілетін тексеруге бағытталған интеллектуалдық ойын.
8 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сынып оқушыларының арасында өткен бұл сайыс өте қызықты және бәсекеге толы болды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер топтар анықталып, дипломдармен марапатталды.
8 «Б» сынып оқушылары Бас жүлде иеленсе, 8 «А» сыныбы оқушысы Әндір Абзал «Үздік ойыншы» аталымына ие болып, өзінің зияткерлік қабілетін көрсете білді.