Мұғалімдер арасында «Шеберлік палитрасы» семинары өткізілді.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру талаптарына сай тиімді оқыту әдістері мен инновациялық педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілді. Семинар барысында мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау, шығармашылық ізденісті қолдау, үздік педагогикалық идеялар мен авторлық әдістемелерді насихаттау көзделді. Сонымен қатар, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тәсілдерді меңгерту, әріптестік ынтымақтастықты нығайту және мұғалімнің кәсіби өсуіне ықпал ету негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

