8(7112) 22-85-97

Семинар

10 ақпанда Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар болды.

Қалалық білім бөлімінің жоспарына сай 10 ақпан күні «Ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдары» атты қалалық Ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: оқушылардың тілдік дағдыларын жетілдіруге бағытталған тиімді оқыту стратегияларын, заманауи әдістемелерді және практикалық сабақ әдістерін қолдану арқылы орта мектептегі ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинар барысында мұғалімдер сабақта қолданатын жаңа технологияларды және интернетсіз қолданылатын әдіс тәсілдерді, сабақ барысында қолданылатын ойын элементтерін және оқушылардың театрланған көрінісін тамашалады