8(7112) 22-85-97

7-8 сынып арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

10 ақпан күні 7-8 сынып арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Білім алушылардың белгілі бір пән бойынша терең білімін, логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау әрі дамыту, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дарынды және қабілетті оқушыларды айқындау, теориялық білімін практикада тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру, ғылыми ізденіске баулу, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және жалпы білім сапасын көтеру арқылы зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында өткен олимпиадаға мектебімізден оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
II орын :
- Информатика пәнінен 7- сынып оқушысы Уразғали Әділет (жетекшісі Есетов Ә.Б);
- Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 7- сынып оқушысы Кенжегужина Меруерт (жетекшісі Габрахманова Б.Д.);
- Биология пәнінен 8 - сынып оқушысы Мухитова Дильназ (жетекшісі Нургожина А.Ш.);
- География пәнінен 7- сынып оқушысы Жайжанов Қайсар (жетекшісі Бақтиярова И.).
Алғыс хат:
- Биология пәнінен 8 - сынып оқушысы Әндір Абзал (жетекшісі Наурызбаева К.Е.).
Оқушыларымызды, дайындаған жетекшілерімізді құттықтаймыз!