17 ақпан күні №4 ҚББМО-да педагогикалық олимпиадасы өткізілді.
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың кәсіби шеберлігін шыңдау және өзін-өзі дамытуына қолайлы орта қалыптастыру – бүгінгі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиада жас мамандардың жаңашыл идеяларын қолдап, олардың кәсіби көзқарасын қалыптастыруға, тәжірибе алмасуына және білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталды. Мектебімізден байқауға қатысқан ағылшын тілі пәні мұғалімі Досполаева Жұлдыз Жұмабайқызы жоғары дайындық деңгейін, жаңашыл көзқарасын және шығармашылық ізденісін таныта отырып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Әріптесімізді айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен толағай жетістіктер тілейміз. Мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіз!

