2026 жылдың 11 ақпан күні «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті.
2026 жылдың 11 ақпан күні Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, драматург, аудармашы, Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлының 95 жылдық мерейтойына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: Мұқағали Мақатаев өлеңдерін насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, ақынның рухани бай мұрасын дәріптеу. Байқауға 8 «г» сынып оқушысы Сұңғат Самғат қатысып, ІІІ орын иеленді. Жетекшісі – Сулейменова Г.Ғ. Оқушыны және мұғалімді жетістіктерімен құттықтаймыз.

