19 - ақпан күні пән мұғалімдеріне мектепішілік семинар-практикум өткізілді.
19 - ақпан күні «SmartEduTeach» жобасы аясында пән мұғалімдеріне арналған мектепішілік семинар-практикум өткізілді. Семинардың басты мақсаты: мұғалімдер арасында жасанды интеллектіні кеңінен қолдану, цифрландыруды дамыту болап табылды.
Жасанды интеллект – мұғалімді алмастыру үшін емес, оның мүмкіндігін арттыру үшін жасалған құрал екендігін атап өткен семинар жүргізушілері А.Е.Бисекешева, А.А.Әділхан және А.А.Мирманов жасанды интеллект түрлерімен таныстырып, сабаққа тиімділерін ерекше атап көрсетті. Жаңашылдық пен қажетті ақпарат айтылған семинарға қатысқан мұғалімдер қауымы жоғары бағалап, алдағы уақытта ұсынылған сайттар мен платфоларды қолданатындары жөнінде айтылды.
Қорытындылай келе, мұғалім - тек білімді үйретіп қоймай, жаңашылдық пен жасампаздықты үйлестіре білетін жан.

