8(7112) 22-85-97

«Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің қалалық байқауы

25 ақпан күні «Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің байқауы оздырылды.

Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында күні «Жаңашыл мектепке - жаңашыл ұстаз» жас педагогтердің VIII Республикалық байқауы оздырылды. Байқау тапсырмалары 1. «Шығармашылық жолдың бастамасы» өзін-өзі таныстыру 2. «Заманауи сабақ» 3. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру Байқауда қатысқан мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Насиболла Шынар Ерланқызы I орын иеленді. Шынар Ерланқызын жетістістігімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!