Мұғалімдер арасында «Ұстаздық шабыт» байқауы өткізілді.
Жас мұғалімдердің инновациялық идеяларын қолдау, педагогикалық тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру, кәсіби ынтымақтастықты нығайту және олардың шығармашылық бастамаларын дамыту мақсатында 26 ақпан күні №42 «Ақ ниет» гимназиясының базасында өткізілген байқауда мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Досполаева Жұлдыз Жумабайқызы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Әріптесімізді жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен толағай жетістіктер тілейміз.

